Филиалда құжаттарды қабылдау 2025 жылғы
20 маусымнан 15 тамызға дейін қашықтан технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар
электрондық форматта қабылданады (қағаз түріндегі құжаттар сканерлеу немесе фотосуретке түсіру арқылы электрондық нұсқаға ауыстырылады).
Оқуға қабылдау туралы өтінішті берген кезде талапкер келесі құжаттарды ұсынады:- Жеке басын және азаматтығын растайтын құжат (жеке куәлік немесе паспорт);
- Білім туралы құжаттың белгіленген үлгідегі түпнұсқасын:
- жалпы орта білім туралы аттестат;
- немесе орта кәсіптік білім туралы диплом;
- Жеке деректерді өңдеуге келісім туралы өтініш (белгіленген үлгіде толтырылады);
- 3 x 4 см көлеміндегі 6 дана фотосурет (сандық форматта).
- ҰБТ сертификаты (шекті баллдан төмен емес)
Барлық құжаттар
сканерленген немесе сапалы фотосурет түрінде PDF немесе JPEG форматында қабылданады.