Филиал тарихы
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалы химия саласына мамандар дайындауға бағытталған «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы 30 студентті оқытуды бастады.
Филиалды ашу идеясы Қазақстан Республикасында 2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында және елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының кемінде бес филиалын ашу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес туындады.
Басталғанға дейінгі маңызды оқиғалар
24 ақпан 2022 жыл
Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарын және Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойылды.
19 қаңтар 2023 жыл
Дулати университеті мен "Қазфосфат" ЖШС индустриялық серіктесі арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісім аясында 2023-2024 оқу жылында Дулати университетінің үшінші курсының 7 студенті Мәскеуде "Аналитикалық химия"білім беру бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады.
9 сәуір 2024 жыл
Тараз қаласында "Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті" ЖББ ФМБМ филиалын құру туралы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығы шықты
19 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасының Тараз қаласында Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің филиалын ашу туралы Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығы шықты.
5 шілде 2024 жыл
Тараз қаласындағы РХТУ филиалының қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелді.
26 қараша 2024 жыл
Тараз қаласында РХТУ филиалының жаңа ғимаратының ресми ашылуы өтті.
Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің филиалы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің базасында ашылды. Оның мақсаты – білім беру мүмкіндіктерін арттыру және химия саласына жоғары білікті мамандар даярлау.
Қазіргі уақытта филиал «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Аналитикалық химия», «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бұл бағдарламалар бейорганикалық қосылыстардың – металдар, қышқылдар, тұздар және басқа заттардың өндірісі мен химиялық технологиясы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған.
Филиалдың ашылуы Жамбыл облысы үшін маңызды оқиға болды, себебі бұл өңірде өнеркәсіп пен химия саласына сұранысқа ие мамандар даярланатын болады. Оқу үдерісі аясында заманауи оқу-зертханалық кешен құрылып, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл студенттерге нақты өндірістік процестерді меңгеруге мүмкіндік береді. Филиалдың білім беру бағдарламалары Мәскеудегі РХТУ стандарттарына сай әзірленген, бұл студенттердің дайындық деңгейінің жоғары болуына және Қазақстандағы алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бәсекелесуіне жол ашады.
Филиалда оқу процесін ресейлік және қазақстандық мамандар жүргізеді, бұл өз кезегінде үздік тәжірибе мен білім беру дәстүрлерінің алмасуына ықпал етеді. Филиал қызметінің маңызды бағыты – Қазақстан мен Ресейдің ірі химиялық және өндірістік компанияларымен белсенді ынтымақтастық, бұл студенттерге тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, филиалда нанотехнологиялар мен химия өнеркәсібіндегі экотехнологиялар сияқты инновациялық технологиялар игерілуде, бұл түлектерді еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді.
Жобаның негізгі индустриялық серіктесі ретінде «Қазфосфат» ЖШС химия саласы үшін білікті кадрлар даярлауға үлкен қызығушылық танытуда. Компания білім беру инфрақұрылымын дамытуға, зертханаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыруға 1 миллиард теңгеден астам инвестиция салды.
Филиалда оқитын барлық студенттерге «Қазфосфат» ЖШС тарапынан қосымша стипендия төленеді, сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейін 100% жұмысқа орналасу кепілдендіріледі.